фото ашық дереккөзден

Алматыда «Lexus RX-300» көлігі контейнерге соғылып, 17 жастағы жолаушы мерт болды.

Қалалық Полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы бүгін түнде шамамен сағат 00:10-да Сүмбіле көшесінде болған деп хабарлайды  el24.kz ақпараттық порталы  КТК телеарнасы на сілтеме жасап.

«Lexus RX-300» көлігінің жүргізушісі Сүмбіле көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, «Өжет» ықшам ауданында рульге ие бола алмай қалған. Ол жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылып, содан кейін инерциямен контейнерге кіріп кеткен.

Апат салдарынан 17 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді», - деді Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.  Сараптамалар тағайындалды.