Алматы әуежайында жалған құжатпен елге кірмек болған шетелдіктер ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжат ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталған. 

Жүгін тексеру кезінде олардың нақты паспорттары табылды.  Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған.  Бір жалған төлқұжаттың құны - 10 мың АҚШ долларын құраған. Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр. 

КТК телеарнасы