Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды


"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы "Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк" бойынша тіркеліп, Серік Мырзақұлұлы Күдебаев күдікті деп танылған облыстық ПД лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын хабарлаймыз", - деді Бас прокуратура өкілдері.

Ведомство мәліметінше, ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, "соған байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін емес".

Дереккөз: Tengrinews.kz