Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz ке сілтеме жасап el24.kz тілшісі.
Жәбірленушілердің айтуынша, ол зергерлік бұйымдарды қолына алып, бір нәрсе сыбырлаған болып, үйді айнала жүріп, біраз уақыттан соң ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі 4,5 млн теңгені құраған. Бұл туралы олар полицияға жүгінген.
Хабарды алған бойда тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Үйдің маңайына орнатылған бейнебақылау камераларын тексеру барысында полицейлер алаяқтыққа қатысы бар азаматшаның таксиге отырып кеткенін анықтады. Содан көліктің мемлекеттік нөмірі арқылы такси жүргізушісінің жеке басын анықтап, онымен сұхбат жүргізген.
Белгілі болғандай, ол әйелді үйіне дейін жеткізіп салған. Тәртіп сақшылары азаматшаны тұрғылықты жерінен ұстады. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.