Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда , - деп хабарлайды el24.kz тілшісі , КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Антикор хабарлайды.
«Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Оған қатысты Мемлекеттік сатып алуда артықшылық беру үшін құрылыс компаниясы директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.