Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда 31 мамыр күні кешкі сағат 21.42 шамасында құтқару қызметіне шұғыл хабар түскен.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-3 аумағында трансформатор өртенді, - деп хабарлайды el24.kz  тілшісі.
 
"Кәсіпорын қызметкерлеріне ешқандай қауіп жоқ. Зардап шеккендер де жоқ", - дейді энергия комбинатының мамандары.Қызыл жалын 600 шаршы метр аумаққа жайылған. 
Мамандардың айтуынша, аталған оқиға салдары облысты сумен және электр энергиясымен қамтуға кері әсер етпейді. Алаңдауға еш негіз жоқ.
 
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 15 қызметкері мен 6 техникасы, кәсіпорынның өзінен - 4 адам, полициядан тағы 4 қызметкер жұмылдырылған.