Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденовтың төрағалығымен “Қарасора-2022” жедел-алдын алу іс-шарасының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz. ке сілтеме жасап el24.kz тілшісі.
Оған қорғаныс, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Операцияны ұйымдастыруға Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ІІМ және “Ғарыш Сапары” АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылған.
ІІМ құрамында есірткі заттары бар, тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік, сонымен қатар, есірткі құралдары мен жабайы өсетін сораның тізбесіне енгізілген өсімдіктерді жоюға шаралар қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Заңсыз егістер мен өсетін жерлер, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктер анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.
Анықтама ретінде: Ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінде, бақтарда, питомниктерде және саябақтарда, егістіктердің жиегінде, тас жолдар мен темір жолдар маңайында, мекемелер аумағында, қалалар мен басқа да елді-мекендер тұрғындарының жер учаскелерінде, сондай-ақ мемлекеттік орман және су қорлары, мемлекеттік қордағы және орман қоры жерлерінде жабайы сораны жоюға шаралар қолданбау әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады:
– жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде;
– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-40 АЕК;
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК;
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-100 АЕК.
Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егу немесе өсіргені үшін 2 000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.