Жаңа -Өзен кен орынында өрт болды -деп хабарлайды el24.kz тілішісі.
 
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 15 маусым күні сағат 00-50 (Астана уақыты бойынша) Қарақия ауданында Жаңаөзен қаласынан 40 шақырым жерде «ӨзенМұнайГаз» АҚ НГДУ-2 аумағында АПРС-40 көтергіш қондырғысы және № 49 топтық құрылғысы өртке оранды.
 
Өртке қарсы  ТЖД 8- қызметкері , 2  техникасы , НГПС 14- СЕМСЕР  4- қызметкері 1- техникасы жұмылдырыды.
 
Сағат 01:51-де өрт сөндірілді.
 
Өрт болған жерден күйіп кеткен мәйіт табылды. Ол  1977 жылы туған жүк көтергіш машинисті екені анықталды. Өрттің мән-жайы мен себебі анықталуда.