Қатты дауыл кезінде әріптестеріне көмектесу барысында Ұлттық ұланның сарбазы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.ке сілтеме жасап  el24.kz  тілшісі.

Ұлттық ұлан  баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлім жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бірінші жедел батальонның жеке құрамы 8-13 тамыз аралығында  әскери бөлімінің даладағы оқу-жаттығу орталығында болған.

9 тамызда сағат 20:55 кезінде жел тұрып, арты қатты дауылға ұласты. Соның салдарынан қалашықтағы шатырлар қирай бастады. Қатардағы жауынгер А. Шахимов қауіпсіз жерге көшу бойынша әріптестеріне көмектесіп жүріп, шатырдан шыға бергенде үстіне темір бағана құлап, басына тиеді, - делінген хабарламада.

Жарақат алған срабазға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Қонаев қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Алайда ауруханадағылар оның қайтыс болып кеткенін мәлімдеген.

Қатардағы жауынгер А. Шахимов 2003 жылы туған. 2022 жылы Ақмола облысы Көкшетау  қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырылған.