Қаңтар оқиғасына қатысты құқық қорғау органдарынан тек бір ғана адам рақымшылық іс-шараларымен қамтылуы мүмкін.
Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мәлім болды. «Қазіргі кезде құқық қорғау саласындағы 49 адам жауапкершілікке тартылып жатыр.
Оның біреуіне ғана рақымшылық қолданылуы мүмкін. Ол іс әлі сотқа жолданған жоқ. Күдікті қылмысты жасыру дерегі бойынша тергеліп отыр.
Ал қалғандары азаптау мен билікті асыра пайдалану істері бойынша тергелді», - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев депутаттардың сауалына жауап бере отырып. Осы орайда адамдарды азаптау қылмысы бойынша күдікке ілінген құқық қорғау қызметкерлеріне рақымшылық қолданылмайтынын нақтылады.
Дереккөз: ҚазАқпарат