41 жастағы азамат оқиға орнында тіл тарпастан жан тапсырған, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
31 қазанда сағат 11.20 шамасында Ақсу қаласының жанармай құю бекетінде КамАЗ-5410-ның жүргізушісі көлігін жөндеу үшін оның астына кірген. Қозғалтқыш іске қосылған сәтте машина орнынан қозғалып кетіп, жүргізушіні басып өтіпті. Ол оқыс оқиға салдарынан қаза тапты.
Медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, — деді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.