М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері.Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Төрағасы Жүрсін Ерманның жансақтау бөлміне түскені жайында желіде ақпарат тарап жатыр деп,- хабарлайды  el24.kz тілішісі.  

 Бұл жайлы айтыскер Дидар Қамиев Instagram парақшасында жазды. 

"Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз. Сіздер де дұғаларыңызға қосып, ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен", - деп жазды Дидар Қамиев.

Ақын Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада жатқаны белгілі болды.