Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті етіп тіркеді. Сайланған президенттің ант беретін күні – 26 қараша.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 22 қарашада ведомство отырысында елдегі президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

КТК телеарнасы