Абай ауданы Терістанбалы ауылында қарт ерлі-зайыпты үш жасар немересімен көшеде суықтан тоңып, қаза тапты.
Басылым мәліметінше, баланың ата-анасы оны ата-әжесіне қалдырған, егде жастағы ерлі-зайыпты үш жасар немересімен қонаққа кеткен. Біраз уақыттан кейін олар үйіне қайтпақ болған.
"Өкінішке қарай, алдымен әйел құлап, бірден тоңып өлген, артынша күйеуі де солай қаза тапқан. Тұрғындардың айтуынша, 3 жасар бала көшеде тоңып, айғайлаған, бірақ оны да аман алып қала алмаған", - делінген хабарламада. Жарма аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері бұл деректі растады.
Кеше отбасын жерлеу рәсімі өтті. Ведомство мәліметінше, күн суытқан сайын үсік шалу жағдайлары жиілеп кеткен. Мәселен, Абай ауданындағы жедел жәрдем қызметкерлерінің мәліметінше, облыста тоғыз адам қаза тапқан, оның алтауын Семейде үсік шалған. Сондай-ақ, ауа райына сай келмейтін киімнің кесірінен бір жасар сәби мен бес жасар бала үсік шалып, қаза тапқан.
Дереккөз:Tengrinews.kz