Президент бірқатар заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына қол қойды,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар президент "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" ҚР заңына қол қойды.
"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жекеше секторға және экономиканы неғұрлым орнықты қалпына келтіруге негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы" ҚР заңына қол қойды.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР заңына қол қойды.