Алматы облысында үш көліктің соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тауып, үш адам зардап шекті.
 
Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша,24 желтоқсанда Жамбыл ауданында Toyota Camry, Daewoo Nexia және Daf Trucks N жеңіл көліктері соқтығысқан.
 
Полицияның алдын ала ақпаратына мәйкес,жол апатына Toyota Camry көлігінің 33 жастағы жүргізушісі кінәлі.
 
Анықталғандай, Алматы – Бішкек тасжолының 126-шақырымында ер адам тіркемесі бар Daf Trucks NL көлігін басып озамын дегенде қарсы бағытта келе жатқан Daewoo Nexia көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Инерциямен жүк көлігіне соғылған.
 
"Жол апаты салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, олардың біреуі ауруханада қайтыс болды.
 
Аталған факті бойынша қажетті сараптама жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("көлікті басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полицияның баспасөз қызметі.
 
Өңірлік полиция қызметі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.