Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жоятын түзетулер Мәжілістің қарауына шығарды, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі Massaget.kzке сілтеме жасап.
 
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын қарауға қабылдау жөнінде", - делінген Мәжілістің күн тәртібінде.  
 
Айта кетейік, қарашада Мәжіліс депутаты Еран Саиров Тұңғыш Президент туралы заң жыл соңына дейін жойылатынын айтқан болатын.