фото kazpravda.kz
Ең төменгі айыппұл мөлшері 10 мың теңгеден асып түседі.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 387 теңгеге артып, 3 450 теңге болады. Осыған байланысты келер жылы айппұлдардың да мөлшері өседі.
Kolesa.kz Қазақстанда жиі бұзылатын жол ережелері бойынша айыппұл мөлшерінің қалай өсетініне шолу жасады.
Ең төменгі айыппұл жүргізушінің тұрақ ақысын төлемегені үшін салынады. Оның мөлшері – 3 АЕК. Сәйкесінше айыппұл мөлшері биылғы 9 189 теңгеден 10 350 теңгеге дейін өседі.
Өзге ең жиі бұзылатын жол ережелері:
- жылдамдықты 10-20 км/сағ асыру – 5 АЕК: 15 315 теңгеден 17 250 теңгеге;
- бағдаршамның қызыл түсіне өту – 10 АЕК: 30 630 теңгеден 34 500 теңгеге өседі.
- Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап сақтандыру полисінің құны да артып, базалық сақтандыру сыйақысы (1,9 АЕК) 5 819,7 теңгеден 6 555 теңгеге өседі.
-
Ал көлік салығының мөлшері келесі мәндерге өзгереді:
Қозғалтқыш көлемі 1100 текше сантиметрге дейінгі көліктер үшін – 1 АЕК: 3 063 теңгеден 3 450 теңгеге, ал көлемі бес литрден асатын машиналар үшін – 200 АЕК: 612 600 теңгеден 690 мың теңгеге өседі.