Қарасай аудандық сотында жергілікті әкімдік пен Болат Назарбаев арасындағы сот процессі жүріп жатыр, деп мәлімдеді "Пятый регион" ақпараттық порталы.

"Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы көлемі 35 гектардан асатын жер телімін сату туралы келісімшартты жарамсыз деп таныған. Бұл жер телімі суармалы егістікке арналған ауыл шаруашылық алқабына тиесілі, ал Жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылық жерлері сатылмауы тиіс",–делінген хабарламада.

БАҚ аталған жерді сату өрескел заңбұзушылықпен жүргізілгенін айтады. Сондықтан прокурор келісімшартты жарамсыз деп танып, жер телімін мемлекетке қайтаруды талап еткен.

Осыған дейін Болат Назарбаев "Оптовка" базарынан, Маңғыстау мен Жамбылдағы 300 мың гектарға жуық жерінен айырылған болатын. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот наурыз айында оған Алматы ауыр машина жасау зауытының акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруды міндеттеді. 

Qamshy.kz