Бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 4 шамасында (Астана уақытымен таңғы сағат 5) Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.
Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.)
Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.)
Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталуда — деп хабарлайды el24.kz тілшісі, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға орнындағы жедел, үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп,10 бірлік техника,жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.
Жарылыста қаза тапқандар бар.
Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адам ауруханаға түсті.Олардың ішінде 29 жастағы ер адам қайтыс болды.
Екі адам жан сақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр,бірінің 80%-ы, екіншісінің 50% денесін күйік шалған. Басқа зардап шегушілердің жағдайы қанағаттанарлық.
Оқиға орнына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та барды. Үйіндіні аршу, құтқару жұмыстары жалғасуда.