Генерал Күдебаевқа Қырғызстанда да қылмыстық із қозғалды. Өйткені шекараны заңсыз кесіп өтіп, Бішкектегі Манас әуежайы арқылы Стамбұлға ұшып кетіпті. Ол туралы Бас прокуратура растады.
Халықаралық іздеудегі генералды табуға ең мықты, тәжірибелі тергеушілер тартылып жатыр екен. Іздеудің қалай жүргізіліп жатқаны, әрине, құпия. Түркия асқан Күдебаевты кері қайтаруға мүмкіндік бар екен.
Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр дейді Бас прокуратура. Қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығына бүйрегі бұрып, қашып кетуіне, жасыруына көмектескен азаматтардың бәрі анықталатын болады.
Жандос Өмірәлиев, Бас прокурордың орынбасары: - Қырғызстан аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Дәл біздікіндей. Біз Қазақстан ішіндегі заңсыз, оның шекараны өтуіне байланысты қылмыскерлердің үстінен іс қозғасақ, Қырғызстан өз тарапынан іс қозғады, өз шекара қызметкерлеріне байланысты.
Қылмыстық іс аясында тек лауазымды тұлғалар ғана емес, барлық мәселе тергеледі. Қашуына жол берген, түпкілікті, қандай да бір қатысы болса, тергеледі.