ҚМА аумақтық депаратменті Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тартқан «Life is good» және «Hermes» қаржы (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастырған күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуде,-деп хабарлайды el24.kz тлшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады.
Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікке ілінген әйел ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. «Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз», - деп жазды ведомстводан.