Әлеуметтік желілерде әйел адамның кәмелетке толмаған қызбен төбелесінің видеосы тарап жатыр. Оқиға Ақтауда болған.Қыздың анасының сөзінше, көрші әйел мүмкіндігі шектеулі қызын ұрып тастаған. Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді- деп  хабарлайды el24.kz тілшісі.
 
Оқиға Ақтаудағы 34-шағынаудандағы №10-ның ауласында болған. Видеодан әйел адам мен кәмелетке толмаған қыз бір-бірін итеріп, шашынан жұлып жатқанын көруге болады.
 
Облыстық ПД мәліметінше, бұл дерек туралы хабар 17 қыркүйекте сағат 18.28-де түскен.
"Учаскелік инспекторлар бұл деректі растады. Кәмелетке толмаған қызды ұрған 36 жастағы әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді ПД өкілдері.