Байланыс және телеарна хабарын тарату операторларына қызмет көрсету сервисі 2023 жылы 16 қыркүйекте сағат 10:11 уақытында қалпына келтірілді.
"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ ұлттық операторы" ұжымы елімізде телерадио хабарларын таратуды қалпына келтіру үшін таңертеңге дейін жұмыс істеді.
Өзге байланыс сервистерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар әлі жүргізіліп жатыр.
"KazSat-3" ғарыш аппаратындағы бұл жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша аппаратты құрастырушы кәсіпорын қажет болған жағдайда спутниктің бағдарламалық жүйесін жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстарды әзірлейді", - делінген хабарламада.
Дереккөз: Zakon.kz