Елордалық полицейлер жедел алдын алу шарасы барысында қылмыскерді анықтады.
20-21 қыркүйек аралығында елорда аумағында ауқымды жедел іздестіру жұмыстары жүрді. Операцияның алғашқы күнінде-ақ Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 7 қылмыскерді ұстады.
Сондай ақ, із-түзсіз жоғалған екі азаматтың жүрген жері белгілі болды. Осылайша, елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын құрықтады.
Ол 2019 жылы Наманган облысында кісі өлтіргені үшін іздеуде болған және қылмыс жасағаннан кейін Қазақстан аумағына өтіп, жасырынған. Ер адам Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта Минск конвенциясына сәйкес экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат