фото скриншот видеодан
Оқиға 24 қазанда түнгі сағат 01:10 шамасында 3 шағын ауданда орын алған -деп хабарлайды el24.kz тілшісі Ақтау қаласы Полиция Басқармасына сілтеме жасап.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3 тармағы бойынша («Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді.
Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды, - деп жазылған полиция таратқан хабарламада.
Айта кетейік, ҚР қылмыстық кодексінің 156 бабының 3-ші тармағына сәйкес,
156 баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.