Полицейлер 25 қазанда интернет бұғатталатыны туралы қауесетке жауап берді.
 
Бұған дейін Желіде 25 қазанда бүкіл Қазақстан бойынша интернет болмайды деген хабарлама тараған болатын.
 
Құқық қорғау органдары бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлады. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздеу шараларын қолға алған.
 
"ІІМ азаматтарды арандатуға бой алдырмауға шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін ескертеді", - делінген ведомство хабарламасында.
 
Дереккөз: Massaget.kz