Алматыда бүгін таңертең бірінен соң бірі тағы екі жер сілкінісі болды. 
 
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Бірінші дүмпу таңғы сағат 09:52 кезінде болды. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған.
 
Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.5. MPV магнитудасы — 5.2. 
 
Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.  Екіншісі де таңғы 10:01 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді. Энергетикалық санаты — 11.9. MPV магнитудасы — 5.3. Оны да алматылықтар 2 балл көлемінде сезді.