Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінде,елді дүрліктірген аса ауыр қылмыс орын алды.Күзетшіні көлікпен бірнеше рет соғып, содан кейін көліктен түсіп басынан теуіп, жұдырықтай бастаған-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні бірнеше рет көлігімен соққан. Оқиға видеоға түсіп қалды. Үй тұрғындарының айтуынша, шабуыл жасаған ер адам ұзақ жылдар бойы ата-анасымен осы тұрғын үй кешенінде тұрады.
Тұрғындар ер адамның нашақорлыққа шалдыққанын айтады. Сол түні ол үйіне келген. Күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп оны жұдырқтай бастайды.
Елді дүрліктірген қылмысқа "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінің тұрғындары куә болған. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. "Ол джиппен оны бірнеше рет соғып, содан кейін түсіп, ер адамды сабап, басынан тепкен.
Осыдан кейін көлігін қойып, үйіне қайтқан. Оның айғайын естімеу мүмкін емес. Оның тамырлары жыртылып, аяғы жұлынып, өкпесі езіліп, жансақтау бөлімінде көз жұмды", - дейді үй тұрғыны.
Марқұмның артында үш баласы қалған.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшінің өміріне сәйкес келмейтін дене жарақаттарын келтіріп, күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.