Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында тараптардың бірі алқа билердің қатысуынсыз өтінішхат жасауды сұрады, осыған байланысты трансляция тоқтатылды.
«Алқа билердің құзыретіне кірмейтін құқық мәселелері олардың қатысуынсыз қаралады. Өтінішхатты тараптардың қатысуымен қарау үшін БАҚ-та трансляциялауды және жариялауды тоқтатуды сұраймын», - деді судья Айжан Құлбаева.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысын, үзілістен соң БАҚ өкілдері трансляциялауды және жариялауды қайта жалғасырды.