Атырауда ұсазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық жасаған.
Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы кешірім сұрады.
Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 18 091 теңге әкімшілік айыппұл салынды.