Ұлттық статистика бюросының сайтында 2024 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығындағы Қазақстан халқының саны туралы мәліметтер жарияланды-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
1 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 20 159 707 өмір сүреді. 1 қаңтардағы көрсеткіштен бері елімізде халық саны 125 865 адамға көбейген. Табиғи өсім 118 576 адамға жеткен.
Кейінгі мәліметтер бойынша, Алматыда 2 258 253 адам тұрады, осылайша мегаполис елдегі ең көп халық қоныстанған қала мәртебесін сақтап тұр. Бюро дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда Астанада 1 472 027 адам тұрады. Еліміздегі халық жиі шоғырланған өңірдің бірі – Түркістан облысы, бұл аймақта 2 150 796 тұрғын тіркелген. Сондай-ақ Шымкент қаласында, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында бір миллионнан астам адам тұрады.
Бюроның анықтамасы бойынша, халық саны елдің белгілі бір аумағында тұрақты тұратын адамдардың санымен есептелген. Бюро мәліметінше, нәтижелер соңғы халық санағы бойынша есептеледі, оған туғандар мен белгілі бір аумақта тұрақты тұруға келгендер, жыл сайын/ай сайын және қайтыс болғандар мен белгілі бір аумақтан көшіп, уақытша тіркелгендер саны қосылады.