Ақтөбеде жол-көлік апаты кезінде аман қалған төрт адам ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі – 12 жастағы қыз.
Самара-Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласы аумағында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, 4 адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына жедел жәрдемнің және апатты медицинаның 4 бригадасы барды.
«Төрт адамға көмек көрсетілді. 2012 жылы туған қыз түрлі дене жарақатын алған. Жағдайы аса ауыр. Сол қыздың 18 жастағы ағасы да көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Есін білгенімен, жағдайы тұрақты ауыр. Ал 1981 жылғы әйел жабық бас-ми жарақатын алған. Есін біледі, жарақаты көп», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жүк көлігінің жүргізушісі де жараланған. Ол облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. «Жол-көлік оқиғасы болған жерде бір бригада бар. Көлік ішінде қысылып қалған екі адамды алып шықса, қарайды. Ал ауруханаға жеткізілген адамдар тексеріліп жатыр», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.