Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, оқиға 25- тамыз күні,  Ақтаудағы "Солдатский" жағажайының маңында болған.
 
Құтқарушылардың айтуынша, Маңғыстау облысының 2006 жылғы тұрғыны катамараннан сүңгу кезінде қаза тапқан- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.  
«25 тамыз 17:40 шамасында 112 пультіне Ақтау қаласы Ақжелкен елдімекені, "Солдатский" жағалауынан 300 метр қашықтықта 2006 жылғы жігіттің суға батқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта шақыртылған жерде 5 қайық, 15 жеке құрам, 2 техника және бір дрон іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.
 
Алайда оның денесі әлі табылмай жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
 
 Қосымша ақпарат: Бүгін 26- тамызда сағ 7:50-де "Солдатский" теңіз жағалауында 300 метр қашықтықта тереңдігі 2 метр су астынан, жасөспірім баланың денесі шығарылды.