Ақтауда 29 тамыз күні 10 қабатты «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешені өртке оранды.
Өртті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өшірді,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі, қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес үйдің 1-ден 10 қабатқа дейін 2100 шаршы метрі жанған.
 
Өрттің пәтерлерге баруына жол берілмеді. Сағат 06:18 шамасында өрт сөндірілді. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 60 тұрғын (оның ішінде 15 бала) ғимараттан өз бетінше шығып кетті. ТЖД күшімен 15 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 бала. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда. Өртке оранған «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешенін «K7 group» құрылыс компаниясы қалпына келтіреді.