Ауа-райы өзгеріп, күн суытуына байланысты, Алматы полицейлері көлік жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысу қажеттігін ескертті.
«Алдағы күндері күн бұзылып, жаңбыр мен қар жаууы, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі мүмкін. Осыған орай, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз», – деді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Сонымен қатар, ол 1 желтоқсан бастап, дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынатынын еске салды. Ереже бұзғандар Әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.