«Самара-Шымкент» республикалық автожолының 794-шақырымында Хромтау ауданында дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігінен өрт шықты. 

Көлік руліндегі 33 жастағы жүргізуші құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне берілді. Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде жалынды ауыздықтады.

 

Алматыда полицейлердің  шетелдік азаматтың үстінен  әкімшілік сипаттағы шара қолданбағаны  үшін пара алып жатқан видеосы тарап кеткен.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  хабарлауынша ,  17 мамыр күні әлеуметтік желіде белгісіз автор жариялаған бейнежазбада Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне көлік ішінде ақша беру фактісі бейнеленген.

 

Желіде 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған сарбаздың  видеосы тарады, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі, Massaget.kz ке сілтеме жасап.

Бейнероликтің кейіпкері - әскери қызметші Александр Землянкин. Ол 1 маусымда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған. Өкінішке қарай, туыстары салтанатты шараға келе алмапты. Майордың сұрағына сарбаз әскери тәртіппен жауап берді.

 

Павлодарда абайсызда кемеден құлап, жазым болған капитанның мәйіті үш аптадан соң табылды. Құтқарушылар оны өзеннің төменгі ағысынан алып шықты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 мамыр күні Аққулы ауданының Шабар ауылы маңында кеме капитаны абайсызда палубадан құлап, суға батып кетті. 

                                                                        фото скриншот ктк арнасы видеосынан алынды

Маңғыстауда екі әскери қызметкер егде жастағы ер адамды асқан қатыгездікпен өлтіргені үшін қамауға алынды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.