Әлеуметтік желілерде пайда болған видеоларда, полиция көлігінің жеке үй қоршауына соғылғанын көруге болады. Талдықорғанда патрульдік полиция көлігінің жол апатына ұшыраған жағдайға байланысты, Жетісу облыстық Полиция департаменті түсінік берді.


 «102» нөміріне пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу полиция экипажы жіберілді. Арнайы дыбыстық дабылы мен жарықтары қосылған полиция көлігі Алдабергенов пен Уәлиханов көшелері қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқанда, қызметтік көлікке жол бермеген «Chevrolet Niva» машинасымен соқтығысты», - деп хабарлады полициядан. Зардап шеккендер жоқ.

Жол апатының себебін анықтау үшін қызметтік тергеу басталды.