el24.kz Қазақстанның атақты ақыны Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер Алишер Теменовке қатысты сот ісі Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында қаралуда.
Алишер Теменов өзінің әлеуметтік желідегі эфирінде Мұқағали Мақатаевты «сорлы еркек» деп атаған болатын.
Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев бұл әрекетті қазақ халқының рухани құндылықтарына нұқсан келтірген деп бағалап, блогердің үстінен арыз түсірді. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабы 2-тармағы бойынша қаралып жатыр. Бұл бап «Қорлау» үшін жауапкершілікті қарастырады.
Жұлдыз Мақатаев моральдық зиян ретінде 10 миллион теңге өтемақы талап етуде. Айтуынша осы оқиғадан кейін қатты күйзеліске түскен және әулетіміздің атына нұқсан келтірді- дейді.
Қазіргі уақытта сот отырысы жалғасып жатыр. Теменов өз сөзін эмоция үстінде айттым деп кешірім сұрағанымен, талапкер тарап оның кешірімін жеткіліксіз деп есептейді.
Қоғам белсенділері мен мәдениет қайраткерлері бұл сот ісін маңызды деп санап, шығармашылық тұлғалардың абыройын қорғау мәселесіне назар аударуды талап етуде.