фото видеодан скриншот
el24.kz Бүгін, 14 мамыр күні, Ақтауда Шығыс-2 мен Шығыс-3 шағынаудандары арасындағы автожолда жол апаты орын алды.
Екі бала жаяу жүргіншілерге арналған өткелмен өтіп бара жатқан кезде, бір көлік жүргізушісі тоқтап, оларды өткізуге ниет білдіргенімен, келесі көлік жүргізушісі жол жүру ережесін бұзып, балаларды қағып кеткен.
Жарақат алғандар — 2013 және 2014 жылы туған қала тұрғындары. Екеуі де Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы ауыр, олардың бірі комада жатыр.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.