el24.kz Алдағы үш күнде, яғни 2025 жылғы 15–17 мамыр аралығында, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде ауа райы айтарлықтай өзгеріп, кейбір аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
Орталық және оңтүстік өңірлерде Ираннан келген жылы ауа массасының әсерінен ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, 15 мамырда оңтүстікте 35–44°C, орталықта 35–38°C, ал Ақмола облысында 30–35°C дейін жетеді.
Солтүстік және батыс өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.