Ертең Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиада ойындары басталады. Осы қысқы Олимпиада ойындарына 57 жолдама жеңіп алған 46 қазақстандық спортшы қатысады. Олар спорттың тоғыз түрінен сынға түспек. 9-25 ақпан аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
XXIII қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі – 9 ақпан, 17:00.
Жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген.
9 ақпан
7:00, 8:45 Фристайл-могул, біліктілік (Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков)
17:00 Олимпиаданың ашылу салтанаты
10 ақпан
13:15 Шаңғы жарысы, дуатлон, әйелдер (Анна Шевченко, Елена Коломина, Валерия Тюленева)
16:00 Шорт-трек 1500 метр, ерлер (Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша Денис, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев) 16:10 Шаңғы спорты, ерлер (Никита Копыренко)
17:15 Биатлон, спринт, әйелдер (Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Елизавета Бельченко, Алина Райкова) 18:35 Трамплиннен секіру, ерлер (Cергей Ткаченко)
11 ақпан
08:00 Тау шаңғы спорты, даунхилл, ерлер (Игорь Закурдаев)
12:15 Шаңғы жарысы, дуатлон, ерлер (Алексей Полторанин, Евгений Величко, Денис Волотка, Виталий Пухкало)
15:50 Шаңғы спорты, жекелей финал, ерлер
16:30, 18:00 Фристайл-могул, финал, әйелдер
17:15 Биатлон, спринт, ерлер (Василий Подкорытов, Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Владислав Витенко)
12 ақпан
7:15, 10:45 Тау шаңғы спорты, алып слалом, әйелдер (Мария Григорова)
16:10 Биатлон, әйелдер
16:30, 18:00 Фристайл-могул, финал, ерлер
18:30 Конькимен жүгіру, 1500 метр, әйелдер (Екатерина Айдова)
13 ақпан
08:30, 12:00 Тау шаңғы спорты, суперкомбинация, ерлер
14:30,17:00 Шаңғы жарысы, спринт, классикалық стиль, ерлер және әйелдер
16:00 Шорт-трек, 500 метр, әйелдер (Анастасия Крестова, Ким Йонг А)
17:00 Конькимен жүгіру спорты, 1500 метр, ерлер (Роман Креч, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Артем Крикунов, Станислав Палкин)
14 ақпан
07:15, 10:45 тау шаңғы спорты, слалом, әйелдер
16:00 Конькимен жүгіру спорты, 1000 метр, әйелдер
17:00 Биатлон, 15 шақырым. Жекелей сайыс, әйелдер
15 ақпан
08:00 Тау шаңғы спорты, аса алып, ерлер
12:30 Шаңғы жарысы, 10 шақырым, еркін стиль, әйелдер
17:00 Биатлон, 20 шақырым жекелей сайыс, ерлер
17:00 Фристайл-акробатика, біліктілік, әйелдер (Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аян Жолдас)
16 ақпан
7:00-11:30 Мәнерлеп сырғанау, ерлер, қысқа бағдарлама (Денис Тен)
12:00 Шаңғы жарысы, 15 шақырым, еркін стильде, ерлер
17:00 Фристайл-акробатика, финал, әйелдер
18:30 Шаңғымен трамплиннен секіру, біліктілік, ерлер
17 ақпан
7:00-11:25 Мәнерлер сырғанау, ерлер
08:00 Тау шаңғы спорты, аса алып, әйелдер
15:30 Шаңғы жарысы, эстафета, әйелдер
16:00 Шорт-трек, 1000 метр, ерлер, 1500 метр, әйелдер
17:00 Фристайл-акробатика, біліктілік, ерлер (Ильдар Бадрутдинов)
18:30 Шаңғымен трамплиннен секіру, финал, ерлер
18 ақпан
07:15, 10:45 Тау шаңғы спорты, алып слалом, ерлер
12:15 Шаңғы жарысы, эстафета, ерлер
17:00 Конькимен жүгіру спорты, 500 метр, әйелдер
17:00 Фристайл-акробатика, финал, ерлер
17:15 Биатлон, 15 км, масс-старт, ерлер
19 ақпан
17:00 Конькиемен жүгіру спорты, 500 метр, ерлер
20 ақпан
16:00 Шорт-трек, біліктілік, 500 метр, ерлер, 1000 метр, әйелдер
17:15 Биатлон 21 ақпан (сәрсенбі)
7:00-11:30 Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама, әйелдер (Элизабет Тұрсынбаева, Айза Мамбекова)
08:00 Тау шаңғы спорты, даунхил, әйелдер
14:00, 16:00 Шаңғы жарысы, командалық спринт еркін стильде, ерлер және әйелдер
22 ақпан
07:15, 10:45 Тау шаңғы спорты, слалом, ерлер
16:00 Шорт-трек, финал, 500 м, ерлер, 1000 метр, әйелдер
17:15 Биатлон, эстафета, әйелдер
23 ақпан
7:00-11:15 Мәнерлеп сырғанау, әйелдер
08:00, 11:30 Тау шаңғы спорты, суперкомбинация, әйелдер
16:00 Конькимен жүгіру спорты, 1000 м, әйелдер
17:15 Биатлон, эстафета, ерлер
24 ақпан
11:00 Шаңғы сайысы, 50 шақырым, классикалық стиль, ерлер
17:00 Конькимен жүгіру спорты, масс-старт, ерлер мен әйелдер
25 ақпан
6:30 Мәнерлеп сырғанау 12:15 Шаңғы жарысы, 30 шақырым, классикалық стиль, әйелдер
17:00 Олимпиаданың жабылу салтанаты
Еске сала кетсек, еліміздің көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады. Ақпанның 25-не дейін жалғасатын Олимпиадада спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық спортшылар тоғыз спорттүрінен қатысады. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарын Қазақстан телеарналары тікелей трансляциялайтын болады.
Ойын кестесі: inform.kz