Орта салмақ дәрежесіндегі америкалық боксшы Джермалл Чарло әйгілі боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz

«Келесі жолы кіммен айқасқа түскім келетінін білгілеріңіз келе ме? Мен Головкинмен және үлкен «Канеломен» жекпе-жекке шыққым келеді. Үлкен төбелес көрсетіп, оны өз қаламда өткізсем деймін», – дейді Джермалл Dontae’s Boxing Nation басылымына берген сұхбатында.

Айта кетсек, Джермалл Чарло 3 наурызда өзінің отандасы Уго WBC нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін Сентеномен айқасатын болады.