Австралиялық Дэвид Гудолл 104-жасқа толған туған күнінде өлуге тілек білдірді.

Использование материалов сайта ktk.kz допускается при наличии гиперссылки непосредственно на Материал, которая должна быть расположена в первом или втором предложениях текста Материалов тем же шрифтом, что и основной текст. туған күнін қызының үйінде отбасымен және достарымен бірге атап өтті. Дегенмен, оның өз туған күнінде тілеген тілегі мерекелік деп айта алмайсың. «Мен тезірек өлсем екен деген тілек тіледім», – деп мойындады ол. 

 
 Гудолл сондай-ақ, 20-30 жастағы жігіт болғысы келетінін айтты.  
 
Ол денсаулығы нашарлағаннан кейін осындай тілек тілегенін түсіндірді. Зейнеткер көру қабілетінің төмендігінен электрондық поштадағы хаттарды да оқи алмайды. Сондықтан ғылыми жұмысқа қатысу мүмкіндігінен айырылды. Сонымен қатар, зейнеткердің жүрек талмасы болғандықтан да жұмысқа бара алмаған. Ол инсульт алған кезде жартылай сал болып қалған. Оны өз үйінде ессіз құлап жатқан жерінен үй күтушісі тауып алған. 
 
   104 жасқа келген ғалым жиырма жыл бойы «өз еркімен өлімге мойынсұнуды» заңдастыруды қолдайтын топтың мүшесі. Ол  «орта жастан асқан азаматтар барлық құқықтарға, соның ішінде өлу құқығына ие болуы керек» деп санайды.