Денесінің 90 пайызын күйік шалған.

 
Ресейдің Краснодар қаласында пойызда суретке түспек болған оқушы қызды тоқ ұрды. Қайғылы оқиға 24 мамыр сағат 19:00 шамасында болған. Мектеп оқушысы пойыз вагонының төбесіне шығып селфи жасамақ болған. Салдарынан қызды қатты тоқ ұрып, денесінің 90 пайызын күйік шалды. Дереу ауруханаға жеткізген. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр.