Ұлыбританияда бірінші боп Шығыс Лондондағы мешіт криптовалюта түрінде садақа жинап жатыр.

. Қасиетті Рамазан айында мусылмандар мұқтаж  жандарға өз табысының 2,5 пайызын зекет қылуы тиіс. 
 
Жамағат енді бұны биткоин түрінде немесе эфирде жасауына болады.   
 
Абдалла, имам: - Биткоин басқа валютадан кем емес. Адамдардың бір тобы оны ақша ретінде пайдалануда. Олар үшін бұл қалыпты үрдіс. 
Биткоин жүріп жатыр, демек, бұл рас. Біз коммерциямен айналыспаймыз. Мешіт жамағатқа қызмет етеді. Бізді толғандыратын - адамдардың мүддесі. Біз биткоинды қабылдап, оны фунтқа ауыстырамыз.  
 
 
 Жиналған ақша жамағаттың қажетіне жұмсалады - ғимаратты жөндеу мен мұқтаждарға ауызашар беру үшін. Криптоәмиян арқылы мешіттер 10 мың фунт жинағалы отыр. Бұл Британиядағы түріктердің жалғыз мешіті. Бұдан бұрын Түркия билігі биткоин мен ислам қабыспайды деп мәлімдеген болатын.  

ktk.kz