Аукционда 36 жастағы стюардессаның пәктігі 250 мың еуроға сатылды.

Германияда тұратын Мэнди белгілі аукциондардың бірінде өзінің қыздық абыройын сатты. Стюардесса болып жұмыс істейтін қыз танымал сайтта жүргізілетін жарыссаудада өз денесін саудалады. Ең үлкен соманы атын жасырған бір бизнесмен атапты. 

Бизнесмен 250 мың еуро ұсынды. Мэнди өзінің пәктігін сатып алмақ болған адаммен енді қыркүйек айында кездеспекші, - деп жазады Daily Mail. Мэнди өзіне тең еркекті ұзақ күтіпті. Сосын жұмысына ден қойып, жеке өмірі жайына қалған көрінеді. Стюардессаның айтуынша, пәктігі оған жүк болған. Қыз қоғамда қыспаққа түсіп, ерекше сезіне бастаған. Сол себепті өзін "құнды" сезінген.  "Бұл казино тәрізді, қай кезде тоқтау керектігін білуге тиіссің. Мен жылдар бойы өзіме лайықты жігіт табуым үшін біраз шыдауым керек деп жүре берер едім". 
 
 Бұл өте қолайлы ұсыныс деп санайды Мэнди. Достары оған қызығады. Олар да осылай ақша тапқысы келеді. Сондай-ақ неміс қызы бұлшартты орындаған соң махаббатын іздеуді доғарады. Бұл нағыз сезімге кедергі болмайды, егер жігіт оны шын жүрегімен сүйсе, қандай болмасын қабылдайды. 
 
 "Достарым маған қызығады, қызғанады. Олар алғаш рет болып, тастап кеткен жігіттерін есіне алады. Оның орнына ақша табуға болар еді. Қандай жағдай болмасын, өз денеммен не істегім келсе, соны істеймін, ешкімнің ақылын тыңдағым келмейді". 
 
Пәктігінен түскен ақшаны Мэнди мәнсабын өсіруге жұмсамақшы. Ол сондай-ақ ән шырқағанды ұнатады. Ақшаның бір бөлігін отбасына береді, тағы бір бөлігін мұқтаж жандарға аударады. Сонымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.  

 Дереккөз:ktk.kz