Соңғы екі күн бойы Дашогуздың мемлекеттік дүкендерінде нан жоқ - деп хабарлайды "Азатлыктың" осы өңірдегі тілшісі.
«Дашогуздың мемлекеттік дүкендерінде нан сатылмайды. Адамдар ұн шығаратын зауыттың алдында күні бойы күтумен тұр. Жекеменшік дүкендерде мүлдем нан сатылмайды. Себебі барлық жерде ұн тапшы. Екі күн бойы осылай жалғасып келеді», - дейді аты-жөнін құпия ұстауды сұраған жергілікті тұрғын.
Тілшінің сөздерінше, дәл осындай жағдай Түрікменстанның Лебап және Балқан өңірлерінде де байқалады.
Ашхабадтық шолушы Аманмұрат Бугаев астанада да ұн тапшы дейді. Оның айтуынша, ұн, қант және өсімдік майы бұрынғысынша шектеулі мөлшерде сатылады.