Үндістанның Махараштра штатында екі жыл бойы Т-1 атты алты жасар жолбарысты аулай алмай келген. Өткен айда билік адамдарға қауіпті жыртқыш аңды Calvin Klein фирмасының ерлерге арналған иіссуының көмегімен орманнан қызықтырып шығармақшы болған, деп хабарлайды BBCге сілтеме жасап inform.kz
Бұл жолбарыс 13 адамның өмірін жалмаған. Белсенділер оның өмірін сақтап қалу үшін науқан жүргізді, алайда Үндістан Жоғарғы соты бұл жағдайға араласқан жоқ. Үндістан орман шаруашылығы қызметі мәлім еткендей, жұма күні кешкісін жергілікті тұрғындар жолбарысты байқағандарын хабарлағаннан кейін қарулы патруль Борати ауылына барды.
Жануарды тапқан рейнджерлер ұйықтатын дәрісі бар найза атқан. Бірақ, жолбарыс олардың көлігіне шабуыл жасаған. Сол кезде патрульдердің бірі 10 метр қашықтықтан мылтықпен атып өлтірді.
Тамызда жолбарыс пен оның он жастағы екі мәулені Пандхаркавада қаласына жақын жерде үш адамды өлтіріп, жергілікті тұрғындарды үрейлендірген. Жолбарысты аулау үшін округте жүздеген видеокамера орнатылды, ал ауылдарға тұзақ жем ретінде жылқылар мен ешкілер байланды.
Тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды. Билік шаруалар мен шопандарға орман мен жазық жерде қараңғы түскенде жүрмеуге, адамдарға топ-тобымен жүруге кеңес берді. Билік тіпті жолбарысты құрамында цибетоны бар Calvin Klein компаниясының Obsession for Men иіссуы арқылы ұстауға талпынды.
АҚШ-та цибетонның ягуарларды тартатынын көрсеткен эксперимент жүргізілген. Guardian газеті жазғандай, Үндістан билігі Obsession әтірсуын кем дегенде екі жолбарысты ұстау үшін қолданған. «2015 жылы Тамилнад штатында адамдарға шабуылдайтын жолбарыс пайда болды. Мен сол кезде оны ұстау үшін Obsession-ға тапсырыс бердім. Сондай-ақ, жолбарыстың нәжісін де пайдаландым, бірақ Obsession тиімді болды», - деді газетке жергілікті ветеринарлық қызметтің басшысы дәрігер Прайяг.
Оның айтуынша, Chanel No 5 иіссуы да жақсы жұмыс істейді. «Бірақ, ол қымбат, сондықтан мен CK Obsession әтірін қолдандым», - деп түсіндірді дәрігер Прайяг. Зерттеу көрсеткендей, мерт болған жеті адамның жараларында жолбарыстың сілекейі болған. Қаза тапқан адамдардың көбінің бастары жұлынған.