Лабрадордың өрт пен дауылға қарамастан иесін күткені туралы құтқарушылар айтты.
Лабрадордың лақап аты – Мэдисон. Ормандағы өрт салдарынан Мэдисонды иелері дер кезінде алып кете алмаған.
1 айға жуық уақыттан кейін оралған олар күшікті аман көргендеріне қуанып та таңырқады. Жануар қорғаушылар күшікті иелері келгенге дейін тамақтандырған.
«Мэдисон бұрынғы үйін күзеткендей», -дейді жергілікті жануарлар қорғаушылары.
Естеріңізге сала кетсек, Калифорнияның солтүстігіндегі тұтастай қала орман өртімен тұтанды. Ол штат тарихында жойқын күшке ие болған апат.
ktk.kz
ktk.kz